2018 жылдың 11 желтоқсанында Жезқазған қ. №3 ОМ базасында облыстық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім мазмұнына байланысты «Орыс тілі мен әдебиетінен даярлық сабақтарындағы әдіс-тәсілдер» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін шыңдау болып табылады.
Семинарға Сәтбаев, Жезқазған, Ұлытау, Жаңаарқа, Шет аудандары мен қаласынан гуманитарлық бағытты бақылайтын 56 әдіскержәне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар аясында №3 ОМ « Әдеби-отбасылық қонақжай» жобасы жұмысын қорытындыланып,"Менің сүйікті әдеби кейіпкерім"тақырыбында оқушылар мен олардың ата-аналары оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті.
Семинарға қатысушылар үшін тәжірибелік-бағдарлық сабақтар, шеберлік сыныптары көрсетілді.
Шығармашылық шеберханада жаңартылған білім мазмұны бойынша балалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы пікірлер ортаға салынды.