2015 жылдың 30 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әлеуметтік серіктестер жұмысына жауапты директордың орынбасарларына арнап, семинар-жиналыс өткізді.
Семинар тақырыбы:Қарағанды облысындағы білім жүйесіне дуалды оқыту жүйесін енгізу.
Модератор: Нартова Т. Г. ҚО ББД ОӘО әдіскері.
Семинар бағдарламасы:
· Қатысушыларды тіркеу.
· ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Д.С. Асакаеваның алғысөзі.
· Жобаның ғылыми жетекшісі С.С. Қонтаевтың баяндамасы. «Тәжірибе барысында дуалды оқу жүйесін енгізудегі оқу бағдарламаларының мазмұны».
· Талқылау.
· Жоба кеңесшісі Т.Г. Нартованың баяндамасы.
Қарастырылған сұрақтар:
· Дуалды оқу жүйесінің жол картасы. ҚР 2014 жылдың 15 қазанындағы № 1093 қаулысы.
· 2015 жылдың 21 ақпанындағы мемлекеттік колледж директорлары жиналысы хаттамасы бұйрықтарының орындалуы.
· ДО енгізу бойынша 2012-14жж. есептер мазмұны.
· Құжаттар жиынтығы
· Экспериментті оқу-бағдарламаларының құжаттарын рәсімдеу және олардың мазмұны.
· Талқылау. Рефлексия.