«Тәлім тұғыры - тәлімгер»
13-12-2018 09:30
 «Тәлім  тұғыры  - тәлімгер»

       2018 жылдың 13 желтоқсан күні аға тәлімгерлердің «Тәлім  тұғыры  - тәлімгер» атты бірінші облыстық форумы өтті. 

       Бірінші бөлімінде тәлімгерлер Қарағанды қаласының №102 мектеп-гимназиясы базасында 11 әдістемелік алаңға қатысты, онда шебер-сынып, кейс-практикум, ойын шеберханасы, тренинг, дебаттар өтті.

       НЗМ акт залында өткен пленарлық отырыста Қарағанды облысының үздік аға тәлімгерлері  «Үздік тәлімгер» сыйлығының 4 номинациясы бойынша марапатталды.