«Тәлім тұғыры - тәлімгер»
2018 жылдың 13 желтоқсан күні аға тәлімгерлердің «Тәлім тұғыры - тәлімгер» атты бірінші облыстық форумы өтті.
Бірінші бөлімінде тәлімгерлер Қарағанды қаласының №102 мектеп-гимназиясы базасында 11 әдістемелік алаңға қатысты, онда шебер-сынып, кейс-практикум, ойын шеберханасы, тренинг, дебаттар өтті.
НЗМ акт залында өткен пленарлық отырыста Қарағанды облысының үздік аға тәлімгерлері «Үздік тәлімгер» сыйлығының 4 номинациясы бойынша марапатталды.