«Бейнелі картаны» нәтижелі қолдану
2018 жылдың 14 желтоқсанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп интернатында «Бейнелі карта» жобасының шеңберінде географиялық білім беру жүйесінің жаңаруы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
«Бейнелі карта» жобасында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп интернатының география пәні мұғалімдері өз тәжірибелеріндегі базалық дағдылар мен қабілеттіліктерді интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыстарының әдістемелерімен бөлісті.
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп интернаттардың төмендегі жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:
Баймағанбетов Қ.Ж.
Омаров Ө.М.
Шеберлік – сынып арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскен:
Жаканова Г.Т.
Семинарға келесі аймақтан барлығы 15 мұғалім қатысты: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Мұрагер ММИ, Нұрмаков атындағы ММИ, Жаңаарқа, Нұра.