Жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жалпы орта білім беретін және мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың мұғалімдері үшін «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» Форумы аясында «Үш тілді меңгерген мұғалім» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, мұғалімдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу, меңгеру деңгейін, олардың кәсіби шеберлігін, педагогикалық біліктілігін анықтау.
Байқау жүлдегерлері келесі номинациялар бойынша анықталды:
- «Жалпы орта білім беретін ұйымдардың ең үздік үш тілді меңгерген мұғалімі - 2018»;
- «Мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың ең үздік үш тілді меңгерген мұғалімі - 2018».
Байқау қорытындысы Форумның пленарлық отырысында жарияланды. Байқауға физика, химия, биология және информатика мұғалімдері тарапынан 14 педагог, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тарапынан 13 педагог қатысты.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында жүлделі орынға ие болды:
Бас жүлде - Скаков Талгат Тусупханович, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп - интернатының информатика пәнінің мұғалімі
1 дәрежелі Диплом -Жигитбаев Тимур Аблахатович, №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі
2 дәрежелі Диплом – Байшөкенова Салтанат Аманжановна, Жаңаарқа ауданы №132 ЖББОМ информатика пәнінің мұғалімі
3 дәрежелі Диплом – Жанул Асан Муханбетрахымулы, Жезқазған қаласы №8 гимназияның физика пәнінің мұғалімі
3 дәрежелі Диплом – Романова Мөлдір Қасқырбайқызы,Теміртау қаласы № 15 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі
«Ең үздік видеоүзінді» номинациясы - Қамидолла Бектұрлы Нұрсейітұлы, №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы - Сүлейменова Сымбат Сансызбайқызы, Балқаш қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің физика пәнінің мұғалімі
«Жаңашыл ұстаз» номинациясы - Аманкелді Дәркен Бекболатқызы, Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 мектеп–лицейінің информатика пәнінің мұғалімі
«Сөзге ұста-ойға шебер ұстаз» номинациясы - Мухтарова Асель Калкамановна, Осакаров ауданы Молодежный кенті №26 орта мектебі базасындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығы) химия пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында жүлделі орынға ие болды:
1 дәрежелі Диплом - Седова Анастасия Викторовна, Саран қаласы «Балғын» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
2 дәрежелі Диплом - Омарова Баян Кажкеевна, Қарағанды қаласы «Тілек» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
3 дәрежелі Диплом - Утепбаева Гулдана Омиргалиевна, Сәтбаев қаласы «Балдәурен» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы - Адиева Асель Алдабергенқызы, Жаңаарқа ауданы «Ақерке» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
«Сөзге ұста-ойға шебер ұстаз» номинациясы - Туранкова Ольга Владимировна, Балқаш қаласы «Балақай» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
«Жаңашыл ұстаз» номинациясы - Турсынхан Баян, Теміртау қаласы «Ақбота» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі
«Ең үздік видеоүзінді» номинациясы - Нурулова Наталья Чеславовна, Осакаровка ауданы «Нұрай» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі