2018 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мамандандырылған мектеп-интернаттарының, жалпы білім беретін орта мектептердің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» облыстық форумы өткізілді.
Форумның негізгі мақсаты: «балабақша-мектеп-колледж» жүйесінде бірыңғай білім беру ортасын құру контекстінде үш тілде білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Форум жұмысы барысында педагогикалық шеберлік көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде техникалық және кәсіптік,жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің әдістемелік материалдары, электрондық оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, терминологиялық сөздіктері ұсынылды.
Форумның пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы, үштілді білім беру кураторы Қасымова Шолпан Еслямбекқызы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үш тілде білім беру орталығының директоры Жұманова Сара Сейітқызы сөз сөйледі.
USTAZ кәсіптік жетілдіру орталығының өкілі Мусатаев Д. Б. облыс мектептерінің мұғалімдеріне курсаралық қолдау көрсетудің алдағы қадамдары туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының МД және ЖОББ бойынша орынбасары Б. Х. Абдикерова, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының ТжКБ жүйесі бойынша орынбасары Д. С. Асакаева және мектепке дейінгі білім беру әдіскері А. Д. Бугубаева сөз сөйледі. Олар "балабақша-мектеп-колледж" жүйесіндегі үштілді білім берудің қазіргі жай-күйімен таныстырды.
Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша балабақшалардың, мектептер мен колледждердің педагогикалық ұжымдары алғыс хаттармен марапатталды. "Үш тілді меңгерген мұғалім" байқауының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.
Форумның екінші бөлімінде мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері үшін шеберлік сыныптар, семинарлар, тренингтер ұйымдастырды. Ал жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ашық сабақтар өткізді.