Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
08-01-2019 08:04
Мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
2019 жылдың 8 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді.
Отырыста жаңа формат бойынша педагогтерді аттестаттау қорытындылары, аттестатталушы педагогтердің сабақтарына қатысу талдаулары, педагогтердің түрлі байқаулар мен конференцияларға қатысуы туралы мәселелер қаралды. 
Н. Нұрмақов және Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары мұғалімдердің іс-тәжірибесін тарату бойынша жұмыс қорытындысын ұсынды. Іс-шараға барлығы 14 директорлардың орынбасарлары қатысты.