Размер шрифта:
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы
10-01-2019 15:12
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысы

2019 жылдың 10 қаңтарында «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ базасында «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің екінші отырысы өтті. Отырысқа колледждің әлеуметтік серіктесі Баранов С. Ю., Estel Professional компаниясының ресми өкілі қатысты. Сонымен қатар, Коба И. П. SCRUM технологиясын қолдану арқылы студенттерді WorldSkills-ке дайындау бойынша мастер-класс өткізді. Отырысқа қатысушылар мастер-класстан басқа үйірме жұмысы және колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру жолдары туралы баяндамаларды тыңдады. Отырысқа облысымыздың 9 колледжінің оқытушылары қатысты.