Қазақстан Республикасының «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын талқылауға арналған Дөңгелек үстел
2019 жылдың 15 қаңтарында «Болашақ» Академиясының базасында Қазақстан Республикасының «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау бойынша Дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қарағанды облысының білім беру басқармасының өкілдері, білім және ғылым саласының кәсіподақтары, Қарағанды және Алматы ЖОО қатысты.
Алғашқы сөз «Болашақ» академиясының ректоры, ф.ғ.к., профессор Қ.Н.Меңлібаевқа берілді. Ол жобаның негізгі ережелерін ашып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мұғалім мәртебесін дамыту проблемалары мен болашағына жіті назар аударды.
Профессор, техника ғылымдарының кандидаты С.С. Контаев мұғалім мәртебесін қамтамасыз ету, ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің мәртебесін көтеру шаралар кешені туралы өз ойын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында осы заң жобасын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.