Размер шрифта:
Қарағанды облысында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі «МДББҰ үздік педагогі – 2019» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті
16-01-2019 12:31
Қарағанды облысында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі «МДББҰ үздік педагогі – 2019» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті

2019 жылдың 16 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңашыл тәжірибелерді анықтау мақсатында «МДББҰ үздік педагогі – 2019» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті.

Байқау міндеттері:

•Мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогінің мәртебесін арттыру.

•Облыс педагогтері қызметінің шығармашылығын белсендендіру, педагогикалық ұйымдарда шығармашылық ынтымақтастық жағдайларын жасау.

•Талантты, шығармашыл жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, олардың тәжірибелерін жалпылау және жариялау.

•Жаңа педагогикалық ғылым жетістіктерін, педагогикалық теориялық-практикалық инновацияларды насихаттау.

Бірінші сырттай кезең қорытындысы бойынша байқауға мектепке дейінгі білім беру ұйымының 31 үздік педагогтері қатысты, олардың ішінді: 20 тәрбиеші, 4 педагог-психолог, 4 дене шынықтыру нұсқаушылар, 1 музыка жетекшісі және 2 қосымша білім педагогтер.

Екінші кезең бір тақырыппен біріктірілген (презентация, мастер-класс) екі іс-шараны қамтыды.

Ауданның барлық педагогтері өздерінің педагогикалық шеберлігін, жұмыс тәжірибесін, ораторлық шеберлігін, әріптестерімен қарым-қатынас жасаудағы тез тіл табысу дағдыларын және шеберлік сыныптар көрсетті.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың әдістемелік және коммуникативтік біліктіліктерін, жеке сапаларын, білімпаздықтарын айтып өтті. Қорытынды шағарда қазылар алқасымен әр қатысушының ой тереңдігі, сөз сөйлеу түпнұсқалылығы мен кәсіпқойлығы белгіленді. 

Бірақ байқаудың аты – байқау, және әр байқаудың өз жеңімпазы бар.

«Үздік тәрбиеші - 2019» номинациясы

1 орын – Сотникова Ольга Владиславовна, Қарағанды қ. «Балақай» б/б

1 орын - Эшмаханова Ойжан Одиловна, Шахтинск қ.  А. Бөкейхан ат. МЛ

2 орын- Есмагамбетова Гульзада Олжабаевна, Шахтинск қ. «Салтанат» б/б

2 орын - Смирнова Элеонора Робертовна, Шахтинск қ. «Аленка» б/б

3 орын – Байжуманова Асель Тельмухаметовна, Шахтинск қ. «Березка» б/б

3 орын – Рымбаева Жанаргуль Саматовна, Қарқаралы ауд.  «Айгөлек» б/б

3 орын – Касенбекова Назымгуль Кабылбеккызы, Жаңарақа ауд., Атасу кенті «Балдырған» б/б

«Үздік педагог-психолог 2019», «Дене шынықтыру бойынша үздік жаттықтырушы - 2019» номинациясы, «Үздік музыка жетекшісі 2019», «Үздік қосымша педагогы» номинацияр:

1 орын – Абдраемова Гульмира Жакияновна – Қарағанды қ.,  "Балақай" б/б

1 орын - Коробейникова Ольга Яковлевна – Теміртау қ.,  №2 "Жұлдыз" б/б

2 орын - ИскаковаХалида Кабулановна – Приозерск қ., "Айналайын" б/б

2 орын - Кимель Евгения Витальевна - Жезқазған, №10 "Ұшқын" б/б

3 орын – Калиновская Ирина Валентиновна - Қарағанды қ., "Алпамыс" б/б

3 орын - Прокудина Анастасия Робертовна – Шахтинск қ., "Ботагөз"б/б.

«МДББҰ үздік падегогі 2019» байқауы финалының барлық конкурсанттарына қатысқандары үшін сертификаттар, диплом, алғыс хаттар берілді.