Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы
![Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы](/media/img/blogs/5c48499dd5bf5.jpg)
2019 жылдың 22 қаңтарында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестіктердің семинар-отырысы өткізілді. Отырысқа облыстың мамандырылған мектеп-интернаттарының ағылшын тілі пәні бойынша бірлестік жетекшілері және мұғалімдері қатысты.
Отырыс барысында I жартыжылдықтың есебі беріліп II жартыжылдықта жасалынатын жұмыс жоспары қарастырылды. Сонымен бірге облыстың мамандырылған мектеп-интернаттары арасында ағылшын тілі апталығын өткізу жоспары мен мұғалімдерді аттестаттау қорытындысы талқыланды.