Размер шрифта:
«Творческая проектная деятельность в работе кружка «Робототехника» облыстық шеберлік-сыныбы
23-01-2019 18:22
«Творческая проектная деятельность в работе кружка «Робототехника» облыстық шеберлік-сыныбы

2019 жылы 23 қаңтар күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Шахтинск қаласының Балалар-жасөспірімдер орталығы» КМҚМ бірлескен түрде «Творческая проектная деятельность в работе кружка «Робототехника» облыстық шеберлік-сыныбы өтті. Шеберлік-сынып мақсаты «Робототехника» үйірмесінің шығармашылық жобасын ұйымдастыруда тәжірибемен бөлісу және функционалдық сауаттылықты арттыру

Іс-шараға Абай, Ақтоғай, Бұхаржырау, Ағадыр, Жезқазған, Сатпаев, Теміртау және Караганды аудан және қалаларынан 15 робототехника оқытушылары қатысты.

Шеберлік-сыныбының ашылуынан кейін 2018 жылы желтоқсан күні Балалар-жасөспірімдер орталығында ашылған «Кемеңгер» техноорталығына саяхат жасалды.  Ары қарай бағдарламаға сәйкес, «Применение 3D-моделирования в проектной деятельности» («Робототехника с изучением 3-D моделирования» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Я.Н. Морозов), «Организация творческой проектной деятельности в соревновательной робототехнике» (ғылыми-техникалық шығармашылық бөлімінің меңгерушісі  И.Н. Шеенко), «Обзор наборов Education Lego WeDol, Lego WeDo 2.0, UARO» («Детская робототехника» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі В.И.Захаропуло ) шеберлік-сыныптарына қатысты.

Шеберлік-сынып қатысушылары іс-шараларға өте белсенді түрде қатысып, педагогтердің жұмысына жоғары баға берді. Көптеген жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылды.