2019 жылдың 26 қаңтарында Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры және Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлескен Қарағанды қаласының барлық мектептерінде «Vпереработку» ұранымен бірыңғай экологиялық күн өтті. «Vпереработку» акциясы – «ЭкоChallenge» республикалық гранттық экологиялық байқауының бір бөлігі.
«Vпереработку» акциясы аясында мектептерде макулатура, пластиктер және басқа да қалдықтарды жинап, одан әрі өңдеу үшін арнайы контейнерлер орнатылды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында тақырыптық сабақтар, сән көрсетілімдері, квест, ҚТҚ бөлек жинау бойынша мастер-класстар және мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша әртүрлі сыныптан тыс жұмыстар өтті.
Акция өткізу күні Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры, Қарағанды қаласының білім бөлімі және ҚТҚ жинаумен және өңдеумен айналысатын «Рестайлинг» ЖШС арасында ҚТҚ бөлек жинау саласындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.