2015 жылдың 7 – сәуір күні Осакаровка ауданы №1 орта мектеп қабырғасында «Қарағанды облысының білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу шараларын жандандыру» тақырыбындағы семинар Осакаровка ауданының педагогтары үшін өткізілді. Осакаровка ауданы бойынша барлық білім беру ұйымдарынан өкілдер шақырылып, барлығы 97 адам қатысты. Қатысушылар: білім беру мекемелерінің басшылары, тәрбие ісінің орынбасарлары, тарих және дінтану пәндерінің оқытушылары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар.
Семинарда Қарағанды облысы дін істері басқарамасы «Қарағанды облысында конфессиоаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы», Ақпараттық-насихат жұмыс бөлімнің инспекторы, заңгер Руслан Айдарұлы Саматаев лекция оқыды.
Қарағанды облысында ББД ОӘО ҚББжҰТИД бөлімінің меңгерушісі Г.С.Көпбаева, әдіскерлер Ж.Д. Нұржан, И.В. Павлова аталған тақырыпта семинар-тренингтер өткізді.