2019 жылдың 15 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Мамандандырылған музыка мектеп-интернатында : «Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабағында білім мен өнерді ұштастыра отырып жұптық және топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты: білім мен өнерді ұштастыра отырып, оқушылардың ұйымшылдықпен жұмыс жасауына жағдай туғызу.
Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарымен бірге аудан, қала мектептерінен 25 мұғалім қатысты.
Ашық сабақтар, шеберлік сыныптар мен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Семинар соңында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.