«Информатика» пәнінің лаборанттарына арналған оқыту курсы
Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында 2019 жылдың 19-20 ақпан айында «Информатика» пәнінің лаборанттарына арналған 2 күндік оқыту курсы өтті
Курста нормативтік актілер, информатика кабинетіндегі лаборанттың лауазымдық міндеттері, қауіпсіздік ережелері, санитарлық ережелер мен нормативтік актілер, инклюзивті білім беру және т.б. тақырыптар қамтылды.
Қарағанды облысы бойынша 30 лаборант курстан өтті, 23 лаборант оқыту курсын қазақ тілі бойынша оқыды, ал орыс тілі бойынша 7 мұғалім оқып курсты аяқтады.