Размер шрифта:
«Колледждердің оқу-тәрбие үдерісіне үштілді білім беруді енгізу» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция
22-02-2019 16:57
«Колледждердің оқу-тәрбие үдерісіне үштілді білім беруді енгізу» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

2019 жылдың 22 ақпанында Ж. К. Букенов  атындағы Қарағанды банк колледжінде «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Колледждердің оқу-тәрбие үдерісіне үштілді білім беруді енгізу» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты - тақырып бойынша озық педагогикалық тәжірибе алмасу, оқытушылардың шығармашылық және зерттеу қызметін ынталандыру.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Ж. К. Букенов атындағы  Қарағанды банк колледжі" ЖММ, орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі.

Конференцияға қатысушылар - Қарағанды облысы колледждерінің 27 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары.

Үш негізгі бағыт бойынша баяндамалар ұсынылды: ҚР қазіргі заманғы білім беру үшін үштілділік мәселесін өзектендіру, колледждердің ОТҮ-не үш тілді білім беруді енгізу, оқу пәндерін оқытудағы үш тілділік: орыс тілі, кәсіби орыс тілі мен әдебиеті.

ҒТК барысында ұсыныстар жасалды:

1.Сабақтарда және сыныптан тыс іс-шараларда ОТҮ ұйымдастыруда әріптестердің ұсынған тәжірибесін пайдалану.

2.Мақала жазуға қойылатын талаптарды сақтау: теория, тәжірибе, нәтижелерді өлшеу әдістері, нәтижелер динамикасы, әдебиеттер тізімі, аннотация.

3.Ереже талаптарын сақтау: өтінімді ресімдеу және мақала форматы; оқытушының мәселе бойынша жұмысының мәнін және оның нәтижелерін көрсететін презентация.

4.ҒТК-ға қатысушы оқытушылардың мақалаларының электронды жинағын дайындау және қатысушыларға электрондық пошта арқылы жіберу. Жауапты. Булекбаева Г.К., 2019 жылғы 1 наурызына дейін.

ҒТК барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.