2019 жылдың 27- ақпанында Қарағанды қаласының №93 гимназия базасында облыстық орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиет сабақтарындағы жобалау жұмысы» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты №93 гимназия, №53 және Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейлерінің «Орыс тілі мен әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін шыңдау болып табылады.
Семинарға Абай, Бұқаржырау, Жаңаарқа, Шет аудандары мен Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Қаражал, Саран қалаларының, облыстық арнайы мектептердің гуманитарлық бағытты бақылайтын 51 әдіскерлері мен орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинарға қатысушылар үшін орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тәжірибелік-бағдарлық оқушылардың жобалау жұмыстарын көрсететін сабақтар үзінділері, жобалау жұмысы бойынша шеберлік сыныптар, «Білім үрдісіне жобалау жұмыстарын енгізу» тақырыбында презентация көрсетілді; сонымен қатар, №93 гимназия оқушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Шығарамашылық шеберханада мұғалімдер бағалауға бағытталған тапсырмалар әзірлеу, жаңартылған білім мазмұны бойынша балалармен жұмыс істеу жолдары туралы пікірлермен бөлісіп, тәжірибе алмасты.