Размер шрифта:
"Көптілді тұлғаны қалыптастырудың негізі ретінде үштілділікті дамыту" облыстық семинары
28-02-2019 18:12

         2019 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Үш тілді білім беру аясында Саран қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектебінде "Көптілді тұлға қалыптастырудың негізі ретінде үштілділікті дамыту "атты облыстық семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: Көптілді тұлға қалыптастыру үшін білім беру барысына үштілділікті енгізу бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар үш бағыттан тұрды. Бірінші бөлім «Педагогикалық калейдоскоп» деп аталады, бұл бөлімде мектеп ұстаздары өз сабақтары мен іс-шараларында өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті. «Тұрақты магниттер. Магнит өрісі» тақырыбында (физика мұғалімі  Соколовская М.А.) физика сабағы, «Деректер базасы, деректер базасының құрылымы, кестелері» (АЕТ мұғалімі Бут М.В.) тақырыбында, математика және география пәндері бойынша «Квадратты функция» тақырыбында кіріктірілген сабақтар өткізілді.   Математикалық  геотуриада» тақырыбында  (математика пәнінің мұғалімі Ганюшина Н.М., география пәнінің мұғалімі Подгорная Т.М. ), «Қарағандының тарихы» тақырыбында (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Темирова Р.К., ағылшын тілі мұғалімі Лемешева Р.Ф., «Мен полиглотпын» тақырыбында сыныптан тыс іс - шаралар (бастауыш сынып мұғалімі Баранникова З.Ф., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалменова Қ.Қ.) ұйымдастырылды және «Аударма ерекшеліктері»(ағылшын тілі пәні мұғалімі Еремина Н.А.) атты факультативтік сабақ көрсетілді.

Екінші бөлімде шеберлік сынып өткізіліп, мұнда мұғалімдер тілдерді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Шеберлік сыныптардың мақсаты: Тілдерді үйретуде жеке және топтық жұмыстар арқылы оқытудың стратегияларымен таныстыру. Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мардашева Э.М., ағылшын тілі мұғалімі Лемешева Р.Ф., неміс тілі мұғалімі Феданова Г.Р. өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Үшінші бөлімде «Шексіз шығармашылық» тақырыбында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бурковская О.Н., Винокурова А.И. жоғарғы сынып оқушыларымен «Руслан мен Лаура» атты заманауи қойылым көрсетті.