2019 жылдың 27 ақпанында Қарағанды гуманитарлық колледжінде үштілді білім беруді енгізу бойынша 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Көптілді тұлғаны қалыптастыру – бәсекеге қабілетті қоғам құрудың негізі»облыстық семинары өтті.
Семинарға облыстың 27 колледжінің өкілдері қатысты .
Бағдарламаға сәйкес семинарда келесі іс-шаралар өткізілді:
- «Физика» (оқытушы Жакупова К.З.), «Биология» (оқытушы Амирова Г.Ш.), «Информатика» (оқытушы Куркин А.М.) пәндерінен ашық сабақтар;
- Қарағанды қаласының №92 гимназиясындағы өндірістік тәжірибе бойынша ашық сабақтар (әдіскерлер: Абильмажин А.А., Жамбаева А.Т.);
- «Ғажайып химия» (оқытушы Есенбаева Г.С.), «English traditions» (оқытушы Лунева Т.Е.) сабақтан тыс шаралары;
- Оқытушы А.Т.Ахметжанованың басшылығымен колледж студенттерінің дайындаған «Үштілділік музыкада» концерттік бағдарламасы.
Пікір алмасып, семинарды қортылауда шараларға қатысқан оқытушылар оқытушылар К.З. Жакупованың және Г.С. Есенбаеваның педагогикалық шеберліктері мен тілдік дайындықтарын ерекше атап өтті.