Размер шрифта:
Үштілді білім беру аясында "Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту" облыстық семинары
04-03-2019 08:55
Үштілді білім беру аясында

2019 жылдың 4 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласының № 81 ЖББОМ «Жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Осы аталған іс-шараға Қарағанды облысының жаратылыстану-математика бағыты пәндерінің 40-тан астам мұғалімдері қатысты.

Семинар мақсаты - Қарағанды облысы мектептерінің пән мұғалімдерінің үштілді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесін зерделеу, қорыту және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді дамыту ерекшеліктерін анықтау. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г. О. Сүлейманованың сөз сөйлеуінде бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту факторы ретінде үштілділікті енгізу аспектілері ашылды. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарының м.а. А. Е. Бодықова семинарға қатысушыларға тақырыптың өзектілігі, мектептің педагогикалық әлеуеті, үштілді дамытудағы пән мұғалімдерінің рөлі мен қызметі туралы әңгімеледі. Семинардың практикалық бөлімінде сабақтар, шеберлік сыныптар көрсетіліп, келесі мұғалімдер іс-тәжірибесімен бөлісті: биология мұғалімдері - Горлов В.И., Шылмагамбетова Р.О., информатика мұғалімдері – Султанбекова А.М., Халыкова М.А. Қатысушылар мектеп мұғалімдерінің табысты жұмыс түрлері мен әдістерімен танысты.

Рефлексия барысында ағылшын тілі мұғалімі Е. Ф. Яловскаяның жетекшілігімен "дөңгелек үстел" ұйымдастырылды. "Дөңгелек үстел" барысында мектеп мұғалімі М. А. Халыкова ағылшын тілінде пәндік терминдерді оқытудың кейбір әдістерімен бөлісті. Ағылшын тілі мұғалімі Кондратюк И. Н. физика, химия, биология, информатиканы ағылшын тілінде оқытуда кездесетін қиындықтарды диагностикалаудың нәтижелері туралы айтып өтті.

Семинар соңында мектеп оқушылары сыныптан тыс іс-шарада үштілді білім беру аясында қойылымдар көрсетті.