2019 жылдың 5 наурызында TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысушы мектептермен жұмыс ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен онлайн-семинарлар ұйымдастырылды.
Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыс тәжірибесімен Жезқазған қаласының №8 гимназияның және №4 орта мектебінің педагогтері бөлісті. Практикалық бөлімде педагогтер оқушыларға математикалық және жаратылыстану ғылыми сауаттылықты және жаһандық біліктілікті тексеру бойынша тапсырмалар берді. Оқуышылар сызбалар, суреттер, графиктер, кестелер бойынша тапсырмалар құрап үйренді, тақырыптағы негізгі аспектілерді анықтай білу дағыдларын дамытты.
Онлайн-семинарға TIMSS-2019 зерттеуіне қатысушы барлық білім беру ұйымдары қатысты.