Размер шрифта:
Балалар музыка мектебінде ерте жастағы балаларға мамандандырылған ән сабақтары өткізілуде.
21-04-2015 09:56
Балалар музыка мектебінде ерте жастағы балаларға мамандандырылған ән сабақтары өткізілуде.

        

Ән сабақтары бала дамуына пайдалы әсерін тигізеді. Балалар музыка мектебінде ерте жастағы балаларға мамандандырылған ән сабақтары өткізілуде. Бағдарлама негізінде балаларды әнге оқыту және олардың бейімі мен талғамын қалыптастыру жатыр. Музыкалық-ырғақты сабақтар кешені 4 жастан бастап 5 жасқа дейін балаларға арналған.

2015 жылдың 17 сәуірінде Теміртау қаласының «№2 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Денсаулық сақтайтын технологиялар  - ерте музыкалық-эстетикалық сыныбындағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінің ажырамас бөлігі» тақырыбында облыстық семинар өткізді. 

Семинар жұмысына ерте музыкалық-эстетикалық сыныптардың педагогтары, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің директорларының орынбасарлары және Жаңаарқа, Нұра, Осакаровка, Абай аудандары мен Қаражал, Приозерск, Саран, Шахтинск, Қарағынды қалаларының бала бақшаларының музыка жетекшілері қатысты (39 адам).