«VПЕРЕРАБОТКУ» БІРЫҢҒАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮНІ
12-04-2019 14:56
«VПЕРЕРАБОТКУ» БІРЫҢҒАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КҮНІ

2019 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды қаласының 12 колледжі мен 8 мамандандырылған мектеп-интернаттарында қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры "Vпереработку" ұранымен бірыңғай экокүн өткізді. "Vпереработку" акциясы – "ЭкоChallenge" республикалық гранттық экологиялық байқауының бір бөлігі.
"Vпереработку" акциясы аясында колледждер мен мектептерде макулатура, пластика және басқа да қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылды; тақырыптық сабақтар, сән көрсетілімі, квест, ҚТҚ бөлек жинау бойынша мастер-класстар, сонымен қатар оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сыныптан тыс жұмыстың түрлі белсенді түрлері өтті.