«WorldSkills Karaganda-2019» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ
19-04-2019 11:13
«WorldSkills Karaganda-2019» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ

2019 жылдың 19 сәуірінде  «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «WorldSkills Karaganda-2019» аймақтық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті, онда 25 құзыреттілік бойынша аймақтық чемпионаттың қорытындысы шығарылып, 2019 жылдың қазан айында ұлттық чемпионатқа біздің облыстың атынан қатысатын жеңімпаздар марапатталды.

Марапаттау рәсімі басталғанға дейін қонақтар мен аймақтық чемпионатқа қатысушылар үшін, сондай-ақ Теміртау қаласының мектеп оқушылары үшін «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастырған көрме ұсынылды.

Салтанатты іс - шара барысында Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Кабдиева Гульмира Кабирахмановна облысымыздың 6 өкілі – WorldSkills Kazakhstan – 2018 Ұлттық чемпионатының қатысушыларына, атап айтқанда Б. Бекбаевқа («Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреті бойынша), А. Любимовқа («Веб-дизайн»), Э. Акатаеваға («Графикалық дизайн»), Ю. Ивановаға («Шаштараз өнері»), А. Султановқа («Бизнес үшін IT-шешімдер»), А. Тумановқа («Мейрамхана қызметі») алғыс хат пен «Кәсіби шеберлігі үшін медальон» (Medallion for Excellence) медальондарын табыстады.

Одан әрі, әрбір құзыреттілік Орталығы бойынша бейнероликтер көрсетіліп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алған жеңімпаздар марапатталды. Әрбір құзыреттілік бойынша жүлдегерлерді тәуелсіз сарапшылар, колледж – құзыреттілік Орталықтарының әлеуметтік серіктестері марапаттады. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлық сертификаттары, жеңімпаздардың сарапшы-компатриотына алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, кейбір әлеуметтік серіктестер өз атынан жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етті, мысалы, «Vogue» мейрамханасының директоры «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша әрбір жеңімпазға 100 мың теңгелік сертификаттар сыйласа, АИФ Cosmetik компаниясының өкілі «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша жеңімпазға сыйлықтар табыс етті.

Жарыс күндерінің қорытындысында 25 құзыреттілік бойынша келесі жеңімпаздар анықталды (1 орын):

1.  «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» - Бекбаев Бақдәулет Қадырұлы,  «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Кирикбаев Қамбар Бақдаулетович;

2. «Плиткамен қаптау» - Еркинбек Бердибек, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ», эксперт-компатриоты Дүйсенбеков Сабыржан Абибуллаұлы;

3. «Кірпіш қалау» - Асанқұл Нұрсұлтан Нұрланұлы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Оспанов Алмаз Шаймагамбетович;

4. «Сырлау және сәндік жұмыстар» - Әлмұқан Мадияр, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ,  эксперт-компатриоты Искакова Мадира Құрақбаевна;

5. «Электромонтаж» - Конысбаев Исламбек Бахтыбайұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Орныхан Тоңкерис;

6. «Ветеринария» - Сәрсенғали Сұлтан Әділханұлы, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Мукушев Мурат Хамидиевич;

7. «Дәнекерлеу технологиялары» - Колтаков Никита Дмитриевич, «Қарағанды тау-кен индустриалды  колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Смойлов Ержан Турсунович;

8. «Слесарлық іс» - Рогов Иван Николаевич, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Байсары Балаби Ергалиулы;

9. «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» - Семенов Анатолий Александрович, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Можанин Олег Александрович;

10. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» - Мукашев Рустам, «Қарағанды көлік-технологиялық  колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Махаев Бейбит Дарбаевич;

11. «Шанақ жөндеу» - Әлібек Манат Жанатұлы, «Қарағанды көлік-технологиялық  колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Тусупбеков Асен Амантаевич;

12. «Жүктерді жөнелту» - Туякова Дарина Кайратовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК,  эксперт-компатриоты Ахмадиев Медет Тасболатұлы;

13. «Инженерлік графика CAD» - Хабылбек Нурбахыт,  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Тапин Нуркен Айжолович;

14. «Электроника» - Сайлау Жанбота Манарбекұлы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Кошкинова Назгуль Алихановна;

15. «Бизнес үшін IT-шешімдер» - Сұлтанов Алмас Сапарбайұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Атантаева Алтынай Зейнуровна;

16. «Веб-дизайн» - Любимов Алексей Андреевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Сыздыкова Зулейха Анваровна;

17. «Графикалық дизайн» - Мұрат Жаңагүл Есболқызы, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Китанова Жулдыз Каратаевна;

18. «Киім дизайны және үлгілеу» - Садувакасова Шамшырак Хасенбайкызы, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Лебединская Людмила Анатольевна;

19. «Шаштараз өнері» - Борзова Анастасия Ивановна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Марчук Надежда Викторовна;

20. «Аспаздық іс» - Мартынова Екатерина Сергеевна, «Саран техникалық колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Карибаева Гулмира Кенжеевна;

21. «Наубайхана ісі» - Кресс Лилия, «Қарағанды тамақтандыру және   сервис колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Деева Валентина Валентиновна;

22. «Кондитерлік іс» - Цхай Алена Игоревна, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Васильева Елена Геннадьевна;

23. «Мейрамхана қызметі» - Самиков Максим Витальевич, «Қарағанды тамақтандыру және   сервис колледжі» КММ, эксперт-компатриоты Шаяхметова Салтанат Отарбековна;

24. «Мектепке дейінгі тәрбие» -  Боранқұлова Мәдина Елдосқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, эксперт-компатриоты Толегенова Индира Қайыржанқызы;

25. «Бастауыш білім беру» - Талгатбекова Нұргүл Ахатқызы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі», эксперт-компатриоты Бекмаганбетова Азиза Дюсеновна.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  аймақтық чемпионатты өткізуге қосқан үлесі үшін колледж-құзыреттілік орталықтарының директорлары мен өкілдерін, бас сарапшыларды алғыс хаттармен марапаттады.