«Арнайы мектептегі оқу-тәрбие процесін жобалау, жалпы оқыту түрінен жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға ауысудың шарты ретінде» атты фестиваль болып өтті.
23-04-2015 09:11
«Арнайы мектептегі оқу-тәрбие процесін жобалау, жалпы оқыту түрінен жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға ауысудың шарты ретінде» атты фестиваль болып өтті.

22- сәуір 2015 жылы КМК «Облыстық даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №2 мектеп-интернатында» арнайы (коррекциялық) білім беру ұйымдарындағы  педагог-дефектологтардың оқу-тәрбие үдерісіне байланысты әдістемелік идеяларының «Арнайы мектептегі оқу-тәрбие процесін жобалау, жалпы оқыту түрінен жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға ауысудың шарты ретінде» атты фестиваль болып өтті.

    Фестиваль аясында іскерлік ойындар, 4 екіқұрамды пәндік сабақтар, 4 коррекциялық және 4 тәрбиелік сабақ және қолөнер техникаларын меңгеру бойынша «Жүннен жасалған бұйымдар» шеберлік-сыныбы  өткізілді.

    Семинарға Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Гавриленко Л.К., ҚББ және ҰТИД бөлімінің әдіскері Абишева Г.З., арнайы (коррекциялық) білім беру ұйымдарының педагог-дефектологтары қатысты.