2019 жылғы 25 сәуірде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласының «Салтанат» сәбилер балабақшасы базасында «Мектеп жасына дейінгі баланың жетекші құзыреттіліктерін дамытуда инновациялық технологияларды біріктіру» тақырыбы бойынша «Салтанат», «Еркетай» және «Снегурочка» сәбилер балабақшаларының іс‑тәжірибесін талдап қорыту жөнінде семинар өткізілді. Семинар жұмысына Теміртау, Саран, Қарағанды, Жезқазған қалалары және Абай, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров, Қарқаралы аудандары білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақшалар директорлары, әдіскерлері, педагог‑мамандар және тәрбиешілері қатысты.
Семинарда қазіргі заманғы мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік дағдыларын қаншалықты ұйымдастырылған оқужұмысында ғана емес, сонымен бірге әр түрлі іс-шараларда, ойын сабақтарында, танымдық-ойын-сауық іс-шараларында және т.б. дамытуға басымдық беру арқылы дамытуға арналған шарттарды (жағдайларды) қайта жаңғырту мәселелері қаралды.Семинаржұмысы екі модул бойынша ұйымдастырылып (1-EDUCATIONALFLOWи 2-WEBFEST), әріптестерге мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үдерістерінің ресурстарын белсенді іске асыру, мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік ойлауын дамытуды Макото Шичида әдістемесі, МДМ-де оқу‑тәрбие үдерісіндегі кейс-технологиялар, робототехника және лего-құрастыру, ОТҮ (оқу‑тәрбие үдерісі) оңтайландыру құралы ретінде «Алтын асықты» пайдалану арқылы мультимедиялық технологиялар, түзету (коррекциялық) жұмыстарда Кюзинер таяқшаларын пайдалану, Н.П.Гришаеваның технологиясы, ерте даму студиясын қолдану эйдетикалық тәсілдер сияқты жұмыс істеудің инновациялық нысандары ұсынылды.
Осылардың барлығы іскерлік ойын, челлендж, Информ-дайджест, мектеп жасына дейінгі балалардың консилиумы, тұсаукесер-практикумдар және шеберлік сағаттары (мастер-класс), коворкинг-экспресс сияқты жұмыс түрлері арқылы ұсынылды.
Семинар жұмысының шарықтау кезеңі ретінд балалар, педагогтар және ата-аналардың күшімен «Нағыз достық» көптілдік ертегісінің қойылымы болды.
Семинар жұмысының соңында келесі ұсынымдар шығарылды:
- Педагогикалық үдеріске жаңа білім‑тәрбие технологияларын енгізу және игеру жөнінде педагогтардың кәсіби құзыреттіліктері қалыптастырылсын.
- Инновациялық технологияларды біріктіру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық өзін-өзі іске асыру үшін жағдайлар жасауға күш жұмсалсын.
- Практикалық (тәжірибелік) жұмыста Шахтинск қаласының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелері пайдаланылсын.
- Семинардың ұсынылған материалдары облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының педагог-практиктері арасында таратылсын.