2019 жылдың 25 сәуірінде «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға арналған «Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция 3 бағытта өтті:
- «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Кітап-өмір кілті» суреттер конкурсы
- «Кітап және оқырман» шағын көрмесі
- Пленарлық бөлім
Облыс колледждерінен «Жастар өміріндегі оқу» және «Басты басымдылық-оқу» секциялары бойынша 18 студент қатысып, келесі студеттер топ жарып шықты:
1 орын – Торгаева Мерей, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Шоменбаева Салтанат Сакеновна.
2 орын – Қабылқайыр Ажар, «Қарағанды «Bolasgaq» жоғарғы колледжі» ЖММ, жетекшісі Бейсекина Айтбала.
3 орын – Герасимова Надежда, «Саран техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Гофман Марина Александровна.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Кітап-өмір кілті» суреттер конкурсындағы диплом иелері:
1 орын – Турдикулова Гулдана, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Жумадилова Сандугаш Маратовна.
2 орын – Елюбаева Ақерке, Амынбаева Айжан, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ, жетекшісі Алипбиева Нариман Кайырбековна.
3 орын– Юсупова Диана, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Касымбекова Алмагул Балташевна.
«Кітап және оқырман» шағын көрмесі бойынша орын иелері:
1 орын– Бейсекина Айтбала, «Қарағанды «Bolasgaq» жоғарғы колледжі» ЖММ кітапхана меңгерушісі.
2 орын– Шахманова Айнакул Тулегеновна, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК кітапханашысы.
3 орын– Сошникова Марина Александровна, «Темиртауский медицинский колледж» ЖММ кітапхана меңгерушісі.