Размер шрифта:
«Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
25-04-2019 17:26
«Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылдың 25 сәуірінде «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Диверсификация төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру жүйесі дамуының басым векторы ретінде» атты VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға арналған «Кітап және оқу: жас ұрпақ тұлғасының үйлесімді дамуы» тақырыбында студенттер арасындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция 3 бағытта өтті:

  - «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Кітап-өмір кілті» суреттер конкурсы

- «Кітап және оқырман» шағын көрмесі

- Пленарлық бөлім

Облыс колледждерінен «Жастар өміріндегі оқу» және «Басты басымдылық-оқу» секциялары бойынша 18 студент қатысып, келесі студеттер топ жарып шықты:

1 орын – Торгаева Мерей, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Шоменбаева Салтанат Сакеновна.

2 орын – Қабылқайыр Ажар, «Қарағанды «Bolasgaq» жоғарғы колледжі» ЖММ, жетекшісі Бейсекина Айтбала.

3 орын – Герасимова Надежда, «Саран техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Гофман Марина Александровна.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Кітап-өмір кілті» суреттер конкурсындағы диплом иелері:

1 орын – Турдикулова Гулдана, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК, жетекшісі Жумадилова Сандугаш Маратовна.

2 орын – Елюбаева Ақерке, Амынбаева Айжан, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ, жетекшісі Алипбиева Нариман Кайырбековна.

3 орын– Юсупова Диана, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Касымбекова Алмагул Балташевна.

«Кітап және оқырман» шағын көрмесі бойынша орын иелері:

1 орынБейсекина Айтбала, «Қарағанды «Bolasgaq» жоғарғы колледжі» ЖММ кітапхана меңгерушісі.

2 орын– Шахманова Айнакул Тулегеновна, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК  кітапханашысы.

3 орын– Сошникова Марина Александровна, «Темиртауский медицинский колледж» ЖММ кітапхана меңгерушісі.