Дене шынықтыру оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі
2019 жылдың 25 сәуірінде "Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі" ЖММ базасында дене шынықтыру оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Облыстың 28 колледжінен 36 оқытушы қатысты. Отырыс аясында "Салауатты өмір салтын жүргізуге студенттерді тарту мақсатында дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың аудиториядан тыс түрлерінің рөлін арттыру", "Студенттердің қозғалыс белсенділігін арттырудың жаңа түрлері мен әдістерін іздеу"т ақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар "Жеңіл атлетика" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Отырыс соңында қорытынды шығарылды, 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды.