Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 25 сәуірінде Жезқазған қаласының №8 гимназиясы базасында "Үштілді білім беру- заман талабы" тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға барлығы Қарағанды, Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларынан, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарынан 90 – нен астам биология, химия, физика, информатика пәнінің мұғалімдері және мектеп басшысының оқу– әдістемелік жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Облыстық семинардың салтанатты ашылуында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының әдіскері Сулейманова Гульжазира Омирзаковна және Жезқазған қаласының №8 гимназияның директоры Абдикерова Сара Тугелбаевна сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.
2018-2019 оқу жылындағы үштілді білім беру жобасының жүзеге асырылу жағдайы туралы Жезқазған қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жакенова Асел Айтказиевна білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Жезқазған қаласы білім ұйымдары педагогтерінің іс – тәжірибесін насихаттау мақсатында «Ұстаз-өзгертуші тұлға»әдістемелік өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.
Биология, химия, физика, информатика пәндерінен 12 пән мұғалімі ашық сабақтар, тренингтер, сабақтан тыс іс-шаралар өткізді. Инновациялық шығармашылық жұмыстар бойынша 6 мұғалім өздерінің әдістемелік өнімдерімен таныстырды. Білім бөлімінің әдіскерлері С.М. Идрисова, Ш.А.Куанышбекова, М.Ш.Уткелова семинарға қатысушылармен «Сheck list» формада қорытынды рефлексия өткізді.
Облыстық семинар №8 гимназияның педагогикалық ұжымының ұйымдастыруымен «Бақытты болыңыз! Будьте счастливы! Don't worry, be happy!» әдеби кешімен аяқталды.