2019 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Дарын» мамандандырылған мектеп интернатында «Бейнелі карта» жобасының шеңберінде географиялық білім беру жүйесінің жаңаруы» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
«Бейнелі карта» жобасында «Дарын» мамандандырылған мектеп интернатының география және тарих пәні мұғалімдері өз тәжірибелеріндегі базалық дағдылар мен қабілеттіліктерді интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін нәтижелі жұмыстарының әдістемелерімен бөлісті.
«Дарын» мамандандырылған мектеп интернаттардың төмендегі жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар көрсетті:
Карибаева А.М.
Есілбаева Ж.Е.
Омирбеков Ш.К.
Аманбаева Б.Г.
Шеберлік – сынып арқылы жұмыс тәжірибесімен бөліскен:
Есілбаева Ж.Е.
Сағұлов Б.А.
Шибаева С.Р.
Чистякова Г.Н.
Семинарға келесі аймақтан барлығы 25 мұғалім қатысты: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Мұрагер ММИ, Нұрмаков атындағы ММИ, Жамбыл атындағы ММИ, №1 білім инновация лицейі, №2 білім инновация лицейі, №3 білім инновация лицейі, Шет, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра аудандары.