2019 жылдың 26 сәуірінде Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ базасында «Үштілділік – табысқа жету жолы» атты облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептердегі жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің үштілділікті енгізу бойынша іс-тәжірибесімен алмасу. Семинардың ашылу сәтінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Ө Сулейманова, Сәтбаев қаласы білім беру бөлімінің басшысы Б.Б. Акишбеков және гимназия директоры Суюнжанова Г.К. сөз сөйледі. С.Сейфуллин атындағы гимназия ұжымы үштілділік білім беру бойынша жетістіктерін концерттік бағдарлама арқылы көрсетті. Олар қазақ халқының ұлттық киімдерінің көрсетілімін үш тілде, «Ағылшынша үйрен, ән сал» курсының оқушыларының әнін, «Ағылшын тілінде театр» үйірмесінің «Бремен музыканттары» атты қойылымын және «Мұғалім мамандығын таңдағандар» атты әдеби-музыкалық монтажын көрсетті. Гимназия психологтері өткізген психологиялық тренинг көпшіліктің көңілінен шықты.
Семинардағы іс-шаралар бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ғылыми-жаратылыстану бағыттағы пәндер ағылшын тілінде (Жаркенова А., химия, №4 лицей-мектебі; Жакупова Д.Б., химия, №1 мектеп-гимназия; Хамзина А., химия, №16 мектеп; Мурат А., информатика, №7 мектеп; Панина В.В., физика, С.Сейфуллин атындағы гимназия; Ержан Г., физика, №1 мектеп-гимназия) және тарих сабақтары үш тілде (Пазылова А.С., Сембет А.Қ., №19 мектеп-лицей; Магзумова К., Шуменбаева Ж.А., С.Сейфуллин атындағы гимназия), ағылшын тілі (Султангалиева П.Н.. №19 мектеп-лицей) сабақтары өтті. Екінші кезеңде сыныптан тыс іс-шаралар (Абдрахманова С.Б., Жапарова І.Қ., 16 мектеп; Идрисова Е.И., №15 мектеп; Алипбаева А., Былал Г., №7 мектеп; Бухарбаева А.Ж., №19 мектеп-лицей; Балтина Г.М., №27 мектеп) өтті. Түскі астан кейін қатысушы мұғалімдер қала мектептерінің ұйымдастыруымен «Әдістемелік ойындар» өткізілді. Үшінші кезеңде №14 мектеп мұғалімі Крятова А, №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Абодовская С.Ю., С.Сейфуллин атындағы гимназияның мұғалімдері Софинов А.С., Абельдинова Д.Б., Байкісі М. облыс мұғалімдері үшін жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті. Семинардың соңында «Ustaz» оқу орталығының менторы Джакипова Г.А. жиналғандарға «Менторинг тәлімгерліктен де артық» атты сабақ өткізді. Семинардың соңында басқа қалалардан келгендер және қала мұғалімдері өздерінің пікірлерімен бөлісті. Пікір алмасушылардың басым бөлігі Сәтбаев мұғалімдерінің жаңашылдығын, шығармашылыққа жақындығын, ізденімпаздығын атап өтті.