Размер шрифта:
«Жастар-шағын бизнеске» атты студенттік олимпиадасының қорытынды кезеңі
26-04-2019 14:49
«Жастар-шағын бизнеске» атты студенттік олимпиадасының қорытынды кезеңі

2019 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды банк колледжінің базасында «Жастар-шағын бизнеске» облыстық студенттік олимпиадасының қорытынды бөлімі өтті. Бизнес-идеяларды қорғаудың екі кезеңінің қорытындысы бойыншақорытынды кезеңге 9 студент жіберілді.

Олимпиада жеңімпаздары:

1 орын - Пономарев С., «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті А. Құнанбаев», қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған жоба.

2 орын - Омаров Н.,  «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ студенті, токарь шеберханасы жобасы.

3 орын - Шайбулатова Д., «Теміртау жоғары политехникалық колледж» КМҚК студенті, теннис клубының жобасы.