Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар
2019 жылдың 30 сәуірінде «Мұрагер» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты «Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар» атты семинар ұйымдастырды.
Мақсаты: шет тілдер кафедрасының оқытушылары шетел тілдерін оқыту бойынша тәжірибе алмасу.
Семинар барысында «Мұрагер», Нұрмақов және Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп-интернатының мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға облыстың мамандандырылған мектеп-интернаттарының ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.