2019 жылғы 2 мамыр күні Қарағанды облысының білімді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен Саран қаласының «№6 жалпы білім беретін мектебі»КММ базасында «Геоград» облыстық жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Кіші буындағы білім алушылардың жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.
«Геоград» жобасы ғылыми-зерттеу қызметтеріндегі, қоршаған әлемді зерттеудегі қызығушылықты дамытуға, білім берудегі жаңа мазмұнның бағдарламасы енген ғылыми-жаратылыстану пәндер бағытында білімдерін тереңдетіп, кеңейтуге ықпал етеді.
Жобаны іске асыруға №4, №6, №17 серіктес - мектептер жұмыс істеді. Ең қызықтысы – бұл «Химия ғылымына алғашқы қадам» STEM ғылыми зертханасы, «Физика біздің айналамызда» STEMзертханасы, «Жасөспірім биолог»STEMзертханасы және «Болашақ инженерлері» STEMзертханасы бағыттары арқылы құрып, ұйымдастырған «Z+ зертханасы» жаратылыстану – ғылыми мектебінің жұмысы.
Ісшарада оқушылардың қоршаған әлемді зерттеуде танымдық қызығушылығын қалыптастырудың қорытындылары шығарылып, ғылыми-жаратылыстану бағыттарының пәндері бойынша білімді кеңейту және тереңдете түсу мәселелері қарастырылды.
Сабақта және сабақтан тыс жұмыста оқушының танымдық белсенділігін және табысты мамандануын дамыту жөніндегі әлеуметтік жобаларға қатысуы арқылы, сыни тұрғыдағы стратегия қолданылды.
Жобаны жүзеге асыру барысында, қатысушылар бұл жобаны ортаңғы және жоғары буында да жалғастыру қажет деген пікірге келді. Мұндай жалғастыру білімнің озық дамуына байланысты сәйкес қажеттілік.
Семинар жұмыстарына Білім беруді дамытудағы оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, жоба жетекшісі Г. Мукашева, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н. Жашибеков, «Саран қаласының білім бөлімі» ММ әдіскерлері Н. Федоровых пен С. Шаймұрат және жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.