2019 жылдың 3 мамырында «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында тілдік емес мамандықтар студенттері арасында ІІ облыстық «The world of languages» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаттары:
- студенттердің тілдік, коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілігін дамыту;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша студенттердің білімін жандандыру;
- тілдерді үйрену мен меңгеруге ынталандыру;
- ең шығармашылық студенттерді анықтау үшін жарыс ортасын құру.
Байқауға облыс колледждерінің 11 командасы қатысты:
«Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ;
«Жезқазған қ.медицина колледжі» КМҚК;
«Қарағанды сән колледжі» ЖММ;
«Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖММ;
«Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК;
«Сәтбаев индустриалды колледжі» КММ;
«Жезқазған музыкалық колледжі» КМҚК;
«Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;
«Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ;
«Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ;
«Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ.
Ережеге сәйкес байқау үш кезеңнен тұрды.
«The world of my profession» деп аталатын бірінші сырттай кезеңде командалар өз
мамандығы туралы ағылшын тілінде бейнеролик ұсынуы тиіс.
Сайыс күні байқау екі тапсырмадан тұрды:
1. «Wonderland» тапсырмасы викторина түрінде болды, онда қатысушылар тақырыпты таңдап, үш тілде 3 сұраққа жауап берді;
2. «Dubbing» тапсырмасы, онда әр командаға мультфильм фрагментін ағылшын тілінде көргеннен кейін оны қазақ немесе орыс тілдеріне аудару қажет болды.
Үш байқау кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын – «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ командасы (Корганбеков Аскар, Уйсынбай Фариза, Бектасова Алина; жетекшісі Тулешова Гулсима Койшыбаевна);
2 орын– «Жезқазған қ. медицина колледжі» КМҚК командасы (Турмусов Дидар, Сембина Балнур, Рысбаева Акбота; жетекшісі Жарлыгасова Сагынай Омиркуловна);
3 орын– «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ командасы » (Шашин Мансур, Сауияев Нуржан, Лысенко Александра; жетекшісі Тостубаева Жанар Нурлановна).
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі дипломдар, жүлделі орындарға ие болған команда басшыларына алғыс хаттар табыс етілді.
Сайыс жарқын, жанды, әсерлі болды. Колледж командалары ұйымшылдық пен шығармашылық танытып, үш тілді меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті.