Қарағанды облысы білім беру дамытудыңоқу - әдістемелік орталығы 2019 жылдың 13 мамырында Саран қаласы «Бахыт» бөбекжай кешені ЖШС базасында «Зерек» жобасы аясында семинар-практикум өткізді. Семинарға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Балқаш, Сәтбаев қалаларынан, және Абай, Бұқаржырау, Осакаровка, Нұра аудандарының педагогтарықатысты. Семинарда жобаның мынадай негізгі бағыттары ұсынылды: білім беру ойындары (шепталочка), математикалық диктант, планшеттермен жұмыс, сөйлеу, ақыл-ой гимнастикасы, грамотейка, қатемен жұмыс, өзін-өзі талдау. Әр сабақ белгілі бір тақырыпқа негізделіп өткізілді, онда сөйлеуді дамытудың интеграциясы, математика, қоршаған ортамен танысу самалары бойынша көрсетілді.
Семинарға қатысушы педагогтармен «Ойын арқылы оқу», «Оюды сал», «Сиқырлы белбеу», «VAY TOY»,»Геоконт, геовизор» ұйымдастыру - әрекеттік ойындары жүргізілді. «Зерек» жобасының технологиялық тәсілдері мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім берудің сабақтастығын дамытуға бағытталған.
Семинар соңында «Бұлтты сөздер» атты брейнсторминг-рефлексиясы өтті.Семинар қорытындысы бойынша мынандай ұсыныстар ұсынылды:
1. «Зерек» жобасында модульдік ойындарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
2. «Зерек» жобасының тетіктерін пайдалана отырып орта және жоғары топ педагогтарына әдістемелік әзірлемелер, электрондық презентациялар мен құралдардың деректер банкін құру;
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері МдҰ-ның барлық күнтәртібі сәттерінде «Зерек» жобасының тетіктерін енгізу бойынша әдістемелік қолдауды ұйымдастырсын.