2019 жылдың 21-22 мамырында Қарағанды облысының педагогтері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ: ЖАҢА СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР» халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өткен «Білім берудегі инновациялар: теория және тәжірибе» атты халықаралық семинарға қатысты.
Семинардың мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында еліміздің педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.
Семинар жұмысына орта білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері, білім басқармаларының әдіскерлері қатысты.
Білім берудің өзекті мәселелері бойынша отандық және халықаралық сарапшылар сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл білімі институты және Гонконг білім беру университеті жанындағы ЮНЕСКО-ЮНЕВОК орталығының (Гонконг), Мария Гжегожевский атындағы арнайы педагогика академиясының (Варшава, Польша), Орал мемлекеттік орман-техникалық университетінің автомобиль көлігі және технологиялық жүйелер институтының (Екатеринбург, Ресей), сонымен қатар «Снейл «қосымша білім беру орталығы»» білім беру мекемесі (Омск, Ресей) мен Сібір федералды университетінің Педагогика, Психология және әлеуметтану институтының өкілдері (Красноярск, Ресей).