Размер шрифта:
2015жылдың 30 сәуірінде Приозерск қаласының «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті.
30-04-2015 10:50
2015жылдың 30 сәуірінде Приозерск  қаласының «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті.

2015жылдың 30 сәуірінде Приозерск  қаласының «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға қатысушылар саны 35, соның ішінде Ақтоғай , Ұлытау, Шет, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңарқа аудандарынан және Балқаш,  Приозерск қалаларының  мектепке дейінгі мекеме басшылары мен әдіскерлері қатысты.

     Семинардың модераторы жобаның ғылыми жетекшісі С.С.Контаев, семинар кеңесшілері Қарағанды облысының Білім беруді дамыту орталығының әдіскері  Бугубаева А.Д., Приозерск қаласының  Білім Беру Бөлімінің Әдіскер кабинетінің меңгерушісі Чалгинбаева А.Қ.

     Бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері  лабораториялық 9 шебер сыныбын көрсетті. «Қызықты математика», «Білімпаз», «Ғажайып орта», «Саулық пен сымбат», «Сиқырлы тіл», «Жас шебер», «Қиқар дыбыстар», «Қызықты әлем», «Жас өнерпаз» тақырыбындағы шебер сыныптары өткізілді.

    Әдістемелік тұрғыда семинар өте жоғары  деңгейде өтті.