«Үштілділік жағдайындағы заманауи оқытушы: кәсіпқойлық және педагогикалық шеберлік»
2019 жылдың 29 мамырында «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Үш тілділік жағдайындағы заманауи оқытушы: кәсібилік және педагогикалық шеберлік» тақырыбында I облыстық педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Фестивальға облыс колледждерінің 26 оқытушысы қатысты. Фестиваль барысында қатысушылармастер-класстаркөрсетіп, өзін-өзі таныстыруды көрсетті, ұйымдастырылған көрмеде өздерінің педагогикалық тәжірибесінің материалдарын ұсынды.
Фестиваль қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталды. Фестивальдің барлық қатысушыларына сертификаттар, сондай - ақ өткізілген мастер-класстар үшін дипломдар және өзін - өзі таныстыру үшін грамоталар табыс етілді.
Қатысушылар осындай іс-шаралардың оқытушылар үшін маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, олар осы фестивальді дәстүрлі етіп, жыл сайын өткізуді ұсынды.