Размер шрифта:
Физика пәні мұғалімдерінің қорытынды облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
11-06-2019 15:09
Физика пәні мұғалімдерінің қорытынды облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2019 жылдың 11 маусымында Н.Нұрмақов атындағы ММИ базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  мамандандырылған мектеп-интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің қорытынды облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 11 мұғалім қатысты.

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

  • Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құру әдістемесі.
  • «Педагогикалық идея» облыстық әдістемелік материалдар байқауыныңқорытындысы.
  • Ағылшын тілін үйрену құралы ретінде "English chat" педагогикалық жобасының жүзеге асырылу жағдайы.
  • Элективтік және таңдау курсының бағдарламаларын дайындау барысы.
  • "Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер және даму болашағы"облыстық форумының өткізілуі.
  • Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қорытынды есебі.
  • Үлгілік оқу жоспарының жобасы.