Көптілді және үш тілде білім беруді жүзеге асыру бойынша колледждердің аралық және соңғы ақпараттар мен аналитикалық есептерін қорғау
2019 жылдың 11 маусымында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында облыстықколледждерде үштілді және көптілді білім беруді жүзеге асыруға арналған жобаларды іске асыру бойынша ағымдағы және соңғы ақпараттар мен аналитикалық есептерді қорғау өтті.
Қорғауға облыстың 7 колледжінің өкілдері қатысты, оның ішінде 2 колледж «Сервис» профилінде көптілді оқытуды еңгізу және 5 педагогикалық колледж 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беру жобаларын іске асыру бойынша ағымдағы есептерді қорғады.