Размер шрифта:
АКТ – мұғалімнің жұмыс құралы. Бастауыш мектепте мультипликациялық жобаларды құру» семинары
08-05-2015 11:32
АКТ – мұғалімнің жұмыс құралы. Бастауыш мектепте  мультипликациялық жобаларды құру» семинары

АКТ – мұғалімнің жұмыс құралы. Бастауыш мектепте

мультипликациялық жобаларды құру» семинары

 

 

          2015 жылғы 04 мамырда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) – мұғалімнің жұмыс құралы. Бастауыш мектепте мультипликациялық жобаларды құру» атты семинар өтті.

Семинардың мақсаты –АҚТ-ды дамыту - мұғалімнің құзыретін бастауыш мектептерде мультипликациялық жобалар құрумен таныстыру  арқылы жетілдіру.

Семинар барысында Саран қаласының №6 орта мектебінің мұғалімдері Юдова Наталья Петровна, Слабая Татьяна Викторовна, Матвеенко Светлана Николаевна, Чорная Галина Александровна бастауыш сынып мұғалімдерін жұмыс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесімен, мультипликациялық жобаларды құру іс-тәжірибесімен таныстырды, Move Meker бағдарламасын қолданып қысқаша мультфильмдер жасауды үйретті.

Семинарға Ақтоғай, Бұқар жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра аудандарынан, Саран, Шахтинск, Қаражал, Приозерск, Сәтбаев, Қарағанды қалаларынан бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.