Размер шрифта:
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы.
17-06-2019 15:27
«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБ отырысы.

2019 жылдың 17 маусымында «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі»  КММ базасында «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша ОӘБқорытынды отырысы өтті.

Отырысқа облыс колледждерінің 12 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Отырыс бағдарламасына сәйкес, колледж өкілдері «жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету»және «шанақты жөндеу»құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2019»аймақтық чемпионатының қорытындысы бойынша талдау жасады.

Бұдан әрі ОӘБ басшысы Көпбаев Н. Т. 2018-2019 оқу жылындағы ОӘБ жұмысының қорытындысын айтып, отырыс қатысушыларымен келесі оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылады.