Болашақ директорларға арналған курс
2019 жылдың 17-18 маусым аралығында Жазғы мектеп аясында болашақ мектеп директорларының жыл сайынғы курсының IIІ модулі өз жұмысын бастады.
Сабақтарда білім беру жүйесіне цифрландыруды енгізу, Қарағанды облысында үш тілді білім беруді жүзеге асыру, 2019-2020 оқу жылына арналған нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылады.
«Қарағанды облысының дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау орталығы» КММ мамандары жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.