Размер шрифта:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы
13-09-2019 08:00
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ОӘБ отырысы

2019 жылдың 13 қыркүйегінде "Краганды көлік-технологиялық колледжі" КММ базасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің таныстыру отырысы өтті.

Отырысқа 42 орынбасарлар қатысты.

Краганды көлік-технологиялық колледжінің директоры Балабеков Рашад Керімбайұлы құттықтау сөзінен кейін ОӘБ басшысы Шомбина А. Б. сөз сөйледі.

Отырыс бағдарламасына сәйкес ҚО ББД ОӘО ТжКБ әдіскері М. С. Толекова 2019-2020 оқу жылына тәрбие жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Бұдан әрі ОӘБ жетекшісі А. Б. Шомбина ағымдағы оқу жылына арналған ӘБ жұмысының жоспарын талқылауға ұсынды.

Келесі сұрақ бойынша Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. А. Оспанов сөз сөйледі,ол әскери-патриоттық бағыттағы жарыстар туралы толық ақпарат берді.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ОӘБ басшысы А. Б. Шомбина отырыстың қорытындысын шығарды.