«Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы бойынша колледж оқытушыларын оқыту
2019 жылдың 13 қыркүйегінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқытушыларын «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсы бойынша оқыту аяқталды.
Колледждердің жоғарғы курс студенттерін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жасалған келісім-шарт аясында бірлескен жобаны жүзеге асыруда.
2019жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды облысы бойынша 85 экономикалық және заң пәндерінің оқытушысы оқытылды.