Размер шрифта:
Мектепке дейінгі мекемелер педагогтеріне арналған оқыту семинары
17-09-2019 08:23
Мектепке дейінгі мекемелер педагогтеріне арналған оқыту семинары

  2019 жылдың 16-17 қыркүйегінде  Технология және сервис колледжі базасында Әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы   «Мектепке дейінгі ұйымдарда, оның ішінде инклюзивті білім беру жағдайында көп функционалды интерактивті пәндік-дамытушы ортада жұмыс істеу технологиясы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

  Семинар инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Қарағанды облысы білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен балабақшалардың директорларына өткізілді. Семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 150 педагогі қатысты.